BasNewsЖаңалықтар

Еліміздің 3 өңірінде ауа райына байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді

15 наурыз күні БҚО, СҚО, Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

 «ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 9:30-дағы ақпаратқа сәйкес, шектеу еліміздің 3 өңіріндегі тас жолға қойылады.

Ақмола облысында екі тасжолдың үш бөлігі жабылды:

  • «Астана-Петропавл» күре жолының Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді;
  • «Астана-Петропавл» күре жолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан өңірінің шекарасына дейінгі аралық жол қозғалысы үшін жабық;
  • «Көкшетау-Омбы» тасжолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралығы жабық;

Батыс Қазақстан облысында:

  • «Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолында Бөрлі ауылынан Ақсай қаласына дейін қозғалыс шектелді;

Солтүстік Қазақстан облысында 5 учаске жабылды:

  • «Челябинск-Новосибирск» тасжолының Петропавл мен Булаево қалаларының арасында жол қозғалысына шектеу енгізілді;
  • «Астана-Петропавл» тасжолында Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейінгі аралық жабық;
  • «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Явленка және Бескөл ауылдарының арасы жабық;
  • «Петропавл-Соколовка-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының Петропавл қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді;
  • «Көкшетау-Омбы» тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Кішкенекөл ауылына дейінгі аралығында жол қозғалысы шектелді.
Back to top button