Түркістан облысы

Түркістан: Арыста теміржолшылар әулеті өз таңдауын жасады

Арыс қаласында атадан балаға, одан немереге жалғасқан кәсіпті киелі санайтын әулеттер бар. Бұл олардың өз кәсібіне деген адалдығы мен шексіз құрметі.

Арыс қаласында осындай теміржолшылар династиясының бірі – Ибрагимовтер әулеті. Бұл әулетте бір атадан тараған 15 баланың барлығы бүкіл ғұмырын теміржол саласына арнаған. Жасы биыл 100-ге келген Алтай атадан тараған ұлы мен немерелерінің теміржолдағы еңбек өтілдерін қосқанда жалпы 750 жылды құрайды.

«Біздің әулеттен 15 теміржолшы шыққан. Бүгінгі науқаннан қалмай өз таңдауымды жасауға ұлдарым мен немелерімді ерте келдім. Еліміздің келешегі кемел, болашағы баянды болсын», – деді ақсақал.

Сайлауға белсене атсалысу әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз деген Ибрагимовтер әулеті қазақ елінің болашағына тікелей әсер ететін сайлаудан шет қалмай өз таңдауларын жасады.

Back to top button