BasNewsЖаңалықтар
Елімізде тағы 45 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар азайды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 сәуірдің қорытындысы бойынша 45 адам коронавирус жұқтырды, бұл бір күн бұрынғыдан 34 адамға аз.
Елімізде қазір 1 790 адам коронавирус инфекциясынан (–1 611+ және 179 КВИ-), оның ішінде 179 пациент стационарда, 1 611 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 3 адамның жағдайы ауыр;
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Еске салайық, бір күн бұрын Қазақстанда 79 адамнан коронавирус жұқтырып, бір адам қайтыс болған еді және 3 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония табылды.