Түркістан: Бизнес өкілі лауазымды адамның әрекетімен ұзақ уақыт бойы кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыра алмаған
Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасының қызметкерімен кәсіпкерге тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге қазу жұмыстарын жүргізгені үшін негізсіз әкімшілік айыппұл салынып, есеп шоттары бұғатталған.
Нәтижесінде, ұзақ уақыт бойы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алмаған бизнес өкілінің құқықтары бұзылып, заңсыз айыппұл төлеуге әкеліп соққан.
Бұл мәселе кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне жедел ден қою мақсатында өңірлік «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдері үшін өткізілген жеке қабылдау барысында анықталды.
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуымен кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында бизнес субъектісіне қатысты атқарушылық іс жүргізу ісі тоқтатылып, барлық қойылған шектеулер алынып тасталды. Кәсіпкердің құқықтары қорғалып, шағымы жедел қанағаттандырылды.
𝗖𝗮𝗹𝗹 𝗰𝗲𝗻𝘁𝗲𝗿 –𝟭𝟰𝟮𝟰