Түркістан облысы

Түркістан: Тоғыз кәсіпкерге 226 млн. теңге айыппұл негізсіз салынған

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуымен 9 кәсіпкерге «Түркістан әлеуметтік – кәсіпкерлік» корпорациясы АҚ тарапынан айыппұл санкцияларын өндіріп алумен қойылған негізсіз талаптар алынып тасталды.

Жеке кәсіпкерлер өз бизнестерінде туындаған проблемалық мәселелерін оңтайлы шешу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметіне жүгініп, өтініш білдірді.

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы, қалалық прокуратура және «Түркістан ӘКК» АҚ-ның қатысуымен кәсіпкерлердің шағымдарын бірлесіп қарау барысында кәсіпкерлерге шарттық міндеттемелерді орындау кезінде пропорционалды емес айыппұл санкциялары мен тең емес шарттық құқықтық қатынастар белгіленгені анықталды.

Нәтижесінде, «Түркістан ӘКК» АҚ-мен шарттардың талаптарын қайта қарау, медиативтік келісімдер жасасумен айыппұл санкцияларын төлеу бойынша енгізілген талаптарды кері қайтарып алу туралы шешім қабылдады.

Тоғыз кәсіпкерді толғандырған түйткілді мәселе аз уақыт ішінде оң шешімін тауып, Түркістандық бизнес өкілдерінің талап-тілегі қанағаттандырылды.
𝗖𝗮𝗹𝗹 𝗰𝗲𝗻𝘁𝗲𝗿 -𝟭𝟰𝟮𝟰

Back to top button