BasNewsЖаңалықтар

Ресей азаматы 19-қабаттан құлап кетіп, аман қалды

Воронежде ер адам көппәтерлі үйдің 19-қабатынан құлап кетіп, тірі қалды. Бұл туралы Basnews.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

40 жастағы азамат үйдің ауласындағы автокөлікке құлаған, деп мәлім етті ТАСС-қа қалалық жедел медициналық көмек қызметінен.

«1982 жылы туған ер адам Колесниченко көшесіндегі үйдің 19-қабатынан құлаған. Ол бас сүйек-ми жарақатын, омыртқаның компрессиялы сынығын алған», – деді агенттікке медицина қызметкері.

Оқиға 3 сәуір күні сағат 20:00 шамасында болған. Ер адам ауладағы тұраққа қойылған жеңіл көліктің үстіне құлаған. Ол Воронеж қаласының №1 Жедел медициналық көмек ауруханасына жатқызылды. Воронеж облысы денсаулық сақтау департаментінің журналистерге хабарлауынша, дәрігерлер оның жағдайына қанағаттанарлық деген баға беріп отыр.

Бұл оқиғаның видеосы Telegram-арналарда тарап, онда ер адам келген құтқарушылардың көмегімен екі аяғына тұра алғанын көруге болады.

Back to top button