BasNewsЖаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды

Асхат Жұмағали Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Жұмағали былтыр наурыздан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған болатын.

Back to top button