BasNewsЖаңалықтар

Астанада 2-сынып оқушылары полицияға мектепті террористер басып алғанын айтқан

Астанада 2-сынып оқушылары полицияға қоңырау соғып, мектепті террористер басып алғанын айтып әзілдеген. Балалардың тентектігі үшін ата-аналары жазаланады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Пригородный тұрғын үй алабындағы жекеменшік мектептердің бірінде болған. Күндіз сағат 12.17-де 102 нөміріне «белгісіз біреулер мектепті басып алды» деген хабар түскен. Оқиға орнына дереу жақын маңдағы полиция жасағы аттанды.
Алайда ақпарат расталған жоқ. Бұл факті бойынша тексеріс жүргізілді.
Анықталғандай, 2-сынып оқушылары үзіліс кезінде 911 қызметіне телефон соғып, мектепті террористер басып алғанын, сондықтан олар әжетханаға жасырынғанын айтқан. Балалар осылай әзілдемек болыпты.

Тәртіп сақшылары балалардың заңды өкілдерін шақырып, бүлдіршіндерге болашақта мұндай фактілерге жол беруге болмайтынын түсіндірді. Оқушылардың ата-аналары қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Back to top button