BasNewsЖаңалықтар
Сирияда болған қазақстандық содырдың 7 жасар қызы елге қайтарылды
Қазір ол Астана қаласының балаларды қолдау орталығында.
«Қыз баланың психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Бүлдіршін медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде. Жуық арада ол туыстарына беріледі», – делінген хабарламада.
Жалпы, 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы елімізге жеткізген.