Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті өткен жылы 332 адамды құтқарды

Департамент бөлімшелері 2022 жылы 3676 шығуды жүзеге асырды, 332 адам құтқарылды, ТЖ аймақтарынан 57 адам эвакуацияланды, 396 адамға медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде 70 бала. Бір миллиард 489 миллион теңгеден астам сомаға материалдық құндылықтар құтқарылды.
246 төтенше жағдай тіркелді, 50 адам зардап шекті, оның ішінде 16 адам қаза тапты. Орын алған төтенше жағдайлардың 85 пайызын өрттер құрайды.
Департамент өрт жағдайын тұрақтандыру үшін жергілікті атқарушы органдары, полиция және еріктілер ұйымдары өкілдерінің, газ және әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің қатысуымен халықпен ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізілді. «Тәуекел тобына» жататын өкілдерге, тұрмысы нашар отбасыларға, жалғызбасты қарт азаматтары мен мүгедектерге ерекше көңіл бөлінеді. 360 210 адамды қамти отырып, «Өрт қауіпсіздігі және көміртегі тотығымен уланудың, дала-орман өрттерінің алдын алу» тақырыбында 79 107 аула аралау жүргізілді, 13 020 адамды қамтумен 430 жиын өткізілді. Баспа басылымдарында 410 мақала, телеарналарда-225 сұхбат, ал радиоарналардан-2024 пікір жарияланды.
Бірақ өрт саны азайған жоқ. Өрттер саны 2022 жылы 4% – ға өсіп, 3 адам қайтыс болды және 3 адам жарақат алды. Өрттің негізгі себептері – электр аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, өрт көздерін абайсыз пайдалану, қысқа тұйықталу және қасақана өртеу болып қала береді.
Өрттердің басым көпшілігі тұрғын үй секторында (56,2% немесе 118 өрт) және автокөлікте (22% немесе 46 өрт) орын алуда (қалған 46 өрт немесе 21,8 % өндірістік, сауда, қойма, әкімшілік және ашық аумақтарда).
Республикадағы жазғы кезеңінде күрделі өрт қауіпті жағдайды ескере отырып, құрылған мобильді топтар құрамындағы рейдтік іс-шараларға және қолданылатын әкімшілік ықпал ету шараларына баса назар аударылды. Осылайша, 143 бірлескен рейдтік іс – шара өткізілді. Әкімшілік жауапкершілікке 13 бұзушы тартылды, оның 13-і жалпы сомасы 1 млн.562 мың 130 теңгеге айыппұл салынды. Өткен жылы 81 бұзушы, оның 68-і ескерту түрінде тартылды (2022ж-0). Жеке құрам саны 405 адамы бар 42 ерікті өртке қарсы құралым құрылды (қарулануда 69 бірлік бейімделген техника және 14 бірлік мотопомпалар бар).



