BasNewsЖаңалықтар

18 сәуірге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгін, 18 сәуірде көктайғақ, бұрқасын, тұман мен желге байланысты 12 өңірде ескерту жасады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 1-6 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 1-6 градус үсік күтіледі.

Астанада күннің екінші жартысында жаяу бұрқасын болады. Жолдарда көктайғақ. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 17-22 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 3 градус үсік күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с.

Back to top button