Жерді өз бетінше иеленгендер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігін қатаңдату күтіледі

Жерді өз бетінше иеленгендер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату күтілетіні жөнінде Шымкент қалалық прокуратурасы Басқарма бастығының орынбасары Ергешов Батыр Шақшанбайұлы өткен брифингте баяндады.
Нақтылай кетсек, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру механизмін қайта қарау, заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу, мемлекет мұқтажына алынған жердің орнына басқа учаскелерді заң аясында беруді қарастыру, жерді өз бетінше иеленгені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігін қатаңдату күтіледі.
«Сотталғандардың түзету- қауіпсіздік кепілі» тақырыбында Шымкент қалалық прокуратурасының Басқарма бастығы Жаңабаев Ғалымжан Жақсылықұлы баяндады. Түзеу мекемелерінде сотталғандар арасындағы құқық бұзушылықтарды (оның ішінде қасақана) азайту бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру үшін қала прокуратурасы сотталғандардың бойында құқықтық тәртіпті, жеке адамға, қоғамға, еңбекке, қоғамды мінез-құлық нормаларына, ережелері мен әдептілік деңгейіне оң көзқарасты қалыптастыруға бағытталған «Сотталғандарды түзету – қауіпсіздік кепілі» жобасын іске асыруды ұсынды. Бұл жобаның негізгі бағыты пенитенциарлық жүйе мекемелерінде сотталғандардың қоғамға оралғаннан кейін заңға бағынатын азамат болуына көмек беретін тиімді бағдарламалар құру және оларды осы бағдарламаларға белсенді қатыстыру болып табылады.Тиімді бағдарламалары бар жақсы ұйымдастырылған түрме болашақта олардың мінез-құлқын түзету үшін арнайы контингентпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді деп сенеміз.
Сонымен қатар, «Сотталғандарды түзету – қауіпсіздік кепілі» жобасын іске асыру шеңберінде құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен қатар адам құқықтарын қорғау жөніндегі отандық және халықаралық ұйымдарды тарту көзделеді.



