Жаңалықтар

Шымкент: Менеджменттік тәсілді пайдаланып әзірлеген іс-шара жоспары қолдау тапты

Қаламызда жерді өз бетінше иелену негізгі өзекті мәселелердің біріне айналған. Осы жағдайды бірлесіп шешу, оған мүмкіндіктер туғызатын жағдайларды анықтау және жою мақсатында прокуратура әкімдікпен бірлесіп Жоба менеджменттік тәсілді пайдаланып әзірлеген іс-шара жоспары қатысушыларға таныстырылып, қолдау тапты.

Бұл іс-шаралар арнайы, құқық қорғау, жергілікті атқарушы, уәкілетті органдар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, іске асырылады.

Сондай-ақ, қала прокуратурасы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысын өткізген болатын. Кеңеске қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы, жергілікті құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшыларымен қатар, қала әкімдігінің басқарма басшылары қатысты. Кеңес төрағасы – Ғабит Мұқанов алаяқтықтың, оның ішінде интернет-алаяқтығының бүгінгі қоғамда күрделі мәселеге айналғанын, Республика аумағында қылмыстылық көрсеткіші соңғы 5 жылда 50%-ке азайғанымен, алаяқтықтардың саны керісінше 50%-ке, ал қаламызда 11%-ке артқанын, бұл жағдайдың қаламызға да тән екенін атап өтті. Сөз соңында бұл үрдіспен тиімді күресу үшін прокуратура, құқық қорғау және мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдері, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының өкілдерінің қатысуымен жоба ұйымдастыруды ұсынды.

«Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасы халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттырады. Жобаның мақсаты алаяқтықтардың нақты орын алу себептерін анықтап, оны болдырмауға шара қолдану арқылы, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау екендігін түсіндірді. Үйлестіру кеңесінің мүшелері аталған жобаны бір ауыздан мақұлдады. Өз кезегінде қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобаның іске асырылуының нәтижесінде қаламыздағы алаяқтықтардың төмендеуімен қатар, халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын барынша артуына әсер етуге ықпал жасайтынын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button