BasNewsЖаңалықтар

ЖЭО-ның жартысынан көбіне қауіп төніп тұр – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жылу электр орталықтарының жартысынан астамына қауіп төніп тұрғанын айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы коммуналдық шаруашылықты одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты түбегейлі қайта құру қажет екенін ескертті.

«Қазақстандағы ЖЭО-ның жартысынан астамына қауіп төніп тұр, кейбір қалаларда тозу деңгейі 80 пайыздан асады. Ал орталықтандырылған жылумен қамтылған 80 қалада бұл көрсеткіш 75-тен 92 пайызға дейін жетті. Коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мақсатында жаңа тарифтік саясатқа көшуді қамтамасыз етуді тапсырдым», – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі жағдайда Үкіметке жылдар бойы жиналған мәселелерді шешуге тура келеді.

Мемлекет басшысы өткен жылы тек «Самұрық-Қазына» қоры есебінен бағалар мен тарифтерді кросс-субсидиялау 1 триллион теңгеден асқанын атап өтті.

«Бұл нарықтық экономика қағидаттарының айқын бұрмалануы. Бұл ретте бағалар мен тарифтерді тоғыспалы субсидиялауға көшу бірқалыпты жүзеге асырылуы керек. Ең алдымен табыс деңгейін ескеру қажет», – деді Тоқаев.

Back to top button