BasNewsЖаңалықтар
Жетісу облысында жасөспірім 4 жасар баланы қағып өлтірді
Жетісу облысының Сарқан қаласында 15 жастағы жасөспірім 4 жасар баланы қағып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға 23 сәуір күні кешке болған.
Honda Odyssey көлігінің жүргізушісі төрт жасар баланы қағып кеткен, бүлдіршін аудандық ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.
Анықталғандай, көлікті 15 жастағы мектеп оқушысы басқарған.
Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша қажетті сараптамалар тағайындап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды.
Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.