BasNewsЖаңалықтар

Атырауда үш баладан қызылша ауруы анықталып, оқушылар қашықтан оқитын болған

Атырауда үш баладан қызылша ауруы анықталып, аталған мектеп оқушылары қашықтан білім алады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім беру басқармасының басшысы Гүлнәр Сәдуақасованың айтуынша, 25 сәуір – 2 мамырда екі сынып оқушылары онлайн білім алады.

«Жаңаталап ауылы Жамбыл атындағы орта мектепте 5 сыныптан 1, 3 сыныптан 2 оқушыдан қызылша ауруының белгілері анықталды. Осыған байланысты 3 және 5-сыныпты 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында қашықтықтан оқыту форматына көшіреміз деп шешім қабылдадық. Өйткені, дизенфекция мен тазалық жұмыстарын жүргізу керек», – деді Гүлнәр Сәдуақасова.

Back to top button