Жаңалықтар

Шымкенттік полицейлер отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы сабақ өтті

Қазіргі уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына ықпал етеді. Осы ретте Абай АПБ Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді қорғау тобының инспекторлары №51 жалпы орта мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.

Басқосу барысында полиция подполковнигі Айнұр Қарабаева мен полиция майоры Гулмира Бектемисова оқушыларға «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу негіздері» атты дәріс оқыды. Онда отбасылық келеңсіз оқиғалар, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас баланың мінез-құлқына тікелей әсер етіп, жасөспірімдерді заңбұзуға итермелейтіндігі туралы айтылды.

Полиция подполковнигі Гулмира Бектемисованың сөзінше, қазіргі заманғы отбасы көптеген қолайсыз, кейде тіпті криминогендік факторлардың аясында дағдарысты басынан кешіп отыр. Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық жағдайында, жалдамалы кісі өлтірушілер оғынан гөрі, туыстардың қолынан мерт болуы анағұрлым жиі кездесетіндіктен қоғамға үлкен қауіп төндіреді. Кез келген тұлға, оның ішінде кісі өлтіруші мен қарақшы тұлғасы да жанұяда қалыптасады, яғни сол жерде жасалатын, әсіресе құқыққа қайшы зорлық-зомбылық іс-әрекеттерінің маңыздылығы ерекше. Осындай жағдайларда отбасы адамның психологиялық қорғаныс орталығы рөлін атқара алмайды, тәрбиелеу функцияларын орындай алмайды. Отбасы ішінде зорлық-зомбылықтың орын алуы және осы себептен жеке тұлғаның бала кезінде қолайсыз жағдайда қалыптасуы көбінесе қатыгездікті тудырады, келешекте балалардың құқық бұзушылық әрекеттерін жасауына итермелейді, қоғамға адамгершілік жағынан орны толмас зиян келтіретінін түсіндіріп өтті.

Сол сияқты отбасы ішіндегі агрессияның зияндылығы сол, жыл сайын жанжалды отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастардағы барлық кісі өлімінің үштен аса бөлігін өздерін қорғай алмайтын балалар, қарттар, мүгедектер мен әйелдер құрайды. Зорлық- зомбылық әрекеттері ерекше қоғамдық пікірді қалыптастырады.

Отбасындағы моральдық және этикалық құндылықтардың сақталуы жастардың болашағына зор әсерін тигізетіндігіне тоқталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button