BasNewsЖаңалықтар
Дархан Құрақбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болды
Дархан Құрақбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Тиісті өкімге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 мамыр күні қол қойды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Ғалымтайұлы Құрақбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», – деп жазылған Ақорданың ресми сайты таратқан хабарламада.