BasNewsЖаңалықтар

Алматы маңындағы тау етегінде от жаққан тұрғын 345 мың теңге айыппұл арқалады

Алматыда Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде от тұтатқан 38 жастағы тәртіп бұзушыға 345 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәліметіне сүйенсек, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес Алматы қаласы мен Алматы облысының мемлекеттік орман қоры аумағында 2023 жылғы 20 наурыздан бастап өрт қауіпті кезең жарияланған. Осыған орай тау етегіндегі белгіленбеген орындарда от жағуға тиым салынды.

Табиғатта ашық оттың жағылуына жол бермеу өте  маңызды. Құрғақ шөп пен қоқысты өртемеңіз.  Құрғақ шөпті әдейі өртейтін адамдар, жақын аймақты тазарту үшін  қауіп төндіреді. Мысалы, жеке ауланың иелері мен бағбандар  ыстық күннен кеуіп қалған шөп пен қоқысты өртеп жібереді», – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, департамент ақпараты бойынша Іле-Алатау ұлттық саябағында ыстық тамақ пісіру үшін арнайы жабдықталған 14 орын бар. Оның 12-сі Алмаарасан шатқалының аумағында, Үлкен Алматы және Казачка өзендерінің бойында, 2 орын Бутаковкада.

Back to top button