BasNewsЖаңалықтар
Елімізде алдағы 3 тәулікте күн күркіреп, шаңды дауыл болады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстандағы алдағы 3 күнге арналған ауа райына болжам ұсынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, 9-11 мамыр аралығында республиканың басым бөлігінде бұрынғысынша атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, құбылмалы ауа райы сақталады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
«Атмосфералық қысымның жоғарылау фоны кезең басында Қазақстанның оңтүстік, орталық облыстарында құрғақ және ашық ауа райын сақтай отырып, ауа температурасының көтерілу процесі жалғасады. Республикада жел күшейеді, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғады», – делінген хабарламада.