«TRAVELHUB Kazakhstan» конференциясы аясында «Creative industries»
Ағымдағы жылдың 18-19 мамырында Астана қаласында TRAVELHUB Kazakhstan, ТМД-дағы туризм және қонақжайлылық индустриясындағы IT-технологияларды дамыту мәселелеріне арналған конференция өтті.
19 мамырында өткен Creative Industries бағдарламасының бөлігінде келесі тақырыптар бойынша үш панельдік пікірталас өтті: креативті индустрияларды дамыту перспективалары, дестинацияны дамыту драйверлері ретіндегі креативті кластерлер және креативті индустриялардың әлеуметтік әсері.
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Садвақасов:
«Барлық сессияларды қорытындылай келе, олардың мемлекет, бизнес және креаторлар – әрқайсысы бірлесіп жұмыс жасау туралы айтқанын атап өткен жөн. Біз креативті индустрияларды дамыту бағытында неғұрлым көп жұмыс жасасақ, соғұрлым бұл жаңа технологиялардың пайда болуымен көп нәрсе өзгеретінін, үздіксіз зерттеуді қажет ететін процесс екенін түсінеміз. Мемлекет тарапынан біздің міндетіміз даму үшін барынша мүмкін жағдайлар жасау: инфрақұрылым, қолдау шаралары. Ал креаторлар өз алдына өзара әрекеттесу, бәсекеге түсу ғана емес, сонымен бірге ынтымақтастық құрулары маңызды. Сондай-ақ, біз бизнеспен жұмыс істеудің сәтті кейстерін көріп отырмыз. Салауатты және дұрыс экожүйе қалыптасуда. Біз осы бағытта жұмыс істеуді жалғастырамыз».
Сонымен қатар, панельдік сессиялар аясында креативті индустриялар елшілерін марапаттау рәсімі өтті.
Елшілер болып «Forbes 30 under 30» номинациясына ұсынылатын перспективалы кәсіпкерлер аталды.
Креативті индустрия елшілері номинациясына үміткерлер:
1) Айнұр Полатова – дизайнер, қазақ ойындары арқылы ұлттық мәдениетті насихаттайды және «Talapai» жобасы авторы.
2) Бауржан Сейфуллин – ҚР спорттық би федерациялары қауымдастығы Төрағасы, Димаш Құдайбердіұлының әлемдік Stranger Tour-ның қоюшы-хореографы.
3) Марина Стригун – Global Nomads Fashion Awards жобасының финалисті. Global nomads қазақстандық киім брендімен «DALA RUHI» бірлескен топтамасының авторы.
4) Данияр Медетов – FeedMyPet стартапының тең құрылтайшысы, сертификатталған жаттықтырушы, Henley Business School-да (Ұлыбритания) экожүйелер мен бизнес-инкубациялау бағдарламалары саласындағы зерттеуші, Northampton және AlmaU серіктестігінің үйлестірушісі.
5) Айман Молдабекова – Inclusive.агенттік CEO-сі, модель, креатор.
Форумның спикерлері мемлекеттік институттардың, креативті индустриялардың, жоғары оқу орындары мен бизнестің өкілдері болды.