BasNewsЖаңалықтар
«Алтын Орда» базары директорының орынбасары ұсталды: Полиция қару мен ұнтақ зат анықтаған
Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы – Бішкек тас жолында BMW көлігін тоқтатты, – деп хабарлайды basnews.kz тілшісі.
«Тінту кезінде жолаушы көлігінен ерекше иісі бар ақ ұнтақ тәрізді зат табылды, ал басқа жолаушыдан МК-471С травматикалық тапанша анықталды», – деп хабарлады полицейлер.
Сот-химиялық сараптама жасалады, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Фактілер Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») және 296-бабының 4-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттарды, осылардың баламаларын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау») бойынша тіркелді.
Бұған дейін БАҚ-та BMW көлігінде ұсталғандардың арасында «Алтын Орда»базары директорының орынбасары бар екені туралы ақпарат тарады. Базардың баспасөз қызметі ұсталғандардың қару алып жүруге барлық рұқсат қағазы бар екенін хабарлады.