BasNewsЖаңалықтар
Қызылорда облысында 4 жасар қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Қызылорда облысында төрт жасар қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Төрт жасар сәби 2-қабаттың биіктігінен құлап, қазір дәрігерлердің бақылауында. Оқиға 5 маусым күні Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында болған. Белгілі болғандай, қыз үлкендердің қарауынсыз пәтерде жалғыз қалған.
«5 маусым күні сағат 13:14-те облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Жаңақорған ауданы Шалқия ауылында ересектердің қарауынсыз қалған 4 жасар қыз екінші қабаттан құлап кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Қыздың жағдайы ауыр, ол көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.