BasNewsЖаңалықтар

Қызылордада жолды кесіп өтпекші болған жаяу жүргіншілерді көлік қағып кетті

Қызылордада жүргізуші белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан үш жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқыс оқиға салдарынан 60 жастағы әйел оқиға орнында қаза болды, зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға облыс орталығында 5 маусымға қараған түні болған.

«5 маусымда түнде Қызылордада Абай даңғылы мен Есенов көшесі қиылысында жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді көлік қағып кетті. Оқиға салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді», – деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Полицейлер марқұмның 60 жастағы әйел екенін растады.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті.

Дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша тіркелген.

«Жүргізуші ұсталды. Сараптамалар тағайындалды, соталды тергеу жүріп жатыр», – деп қосты полицейлер.

Back to top button