BasNewsЖаңалықтар

Сомалида бомба жарылып, 27 адам қаза тапты

Сомалиде Төменгі Шабелле ауданында бұрыннан қалған бомбаның қалдықтары жарылып, кем дегенде 27 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қаза тапқандардың басым бөлігі – балалар, деп жазады CNN.

Сондай-ақ, жарылыс салдарынан кем дегенде 53 адам жарақат алғаны да айтылады.

Сомали бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарылыс шығыстағы Төменгі Шабелль аумағы Жанаал ауданындағы Мурали ауылында болған.

Оқыс оқиғаның мән-жайы нақтылану үстінде.

Back to top button