Нұржан Әлтаев 2 айға қамауға алынды
«Н. Әлтаевті күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды 2023 жылғы 9 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Н. Әлтаевті 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», делінген елордалық соттың хабарламасында.
Айта кетсек, 2023 жылы 7 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша экс-вице-министр Нұржан Әлтаевты аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғаны белгілі болды. Антикордың мәліметінше, Әлтаев Абылай Мырзахметов екеуі пара ретінде 135 000 АҚШ доллар алған. Бұл аса ірі көлем болып саналады. Пара нәтижелі жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бойынша мемлекеттік тапсырысты алуға жәрдемдесуге, сондай-ақ Мырзахметовтың жетекшілік ететін Әлтаев салаларындағы мүдделерін жалпы қамқорлыққа алуға және лоббизм жасауға арналғаны айтылады.