BasNewsЖаңалықтар

Қостанай облысында екі жасар бала ашық құдыққа құлап көз жұмды

Қостанай облысында екі жасар бала ашық кәріз құдығына құлап, көз жұмды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі “Алау” порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.

“Тобыл қаласында кәріз құдығына құлап кеткен екі жасар баланың өлімі фактісі бойынша ҚР ҚК-ның 254-бабы «Міндеттеріне адал қарамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген хабарламада.

Тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды.

Back to top button