Ақтауда 4 жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен
Маңғыстау облыстық полиция департаменті бесінші қабаттың терезесінен баласы құлаған әйелге қатысты әкімшілік хаттама жасалғанын хабарлады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Баланың анасы жағдайы аса жақсы емес отбасы ретінде полицияда есепте тұрған.
“Әйелге қатысты ӘҚБтК-нің 127-бабының 2-бөлігі “Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау” бойынша хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа берілді. Бұған дейін ол осы бап бойынша жауапқа тартылған, – деп хабарлады аймақ полициясы.
Көршілерінің айтуынша, олар балаларды қатерге қалдырған әйелге қатысты шаралар қабылдау үшін бірнеше рет учаскелік кеңсеге жүгінген.
“Балалар үнемі көшеде жүреді. Сыртынан құлттан кетеді, ал балалар терезелерден қарап тұрады. Мен оны ешқашан мас күйінде көрген емеспін, бірақ оның балалары көбіне қараусыз жүреді, – деді отбасының көршісі.
10 маусымда Ақтауда 6 шағын аудандағы 24 үйдің бесінші қабатының терезесінен төрт жасар бала құлаған. Дәрігерлер баланың өздігінен дем ала алмайтынын айтты. Жағдайы өте ауыр деп бағаланды.