Елордада балалар дүкенінен полицейлер келгеннен кейін Z белгісі бар ойыншықтар алынып тасталған
Астанадағы балалар дүкенінің сөрелерінен полицейлер келгеннен кейін ресейлік «Z» әскери таңбалары бар ойыншықтар алынып тасталған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жөнінде ол Facebook парақшасында жазды.
“Балалар әлемі” деген бейкүнә аты бар жергілікті ойыншықтар дүкеніне бардық. Келсек мұнда осындай белгілері бар (Z белгілері – ред.) ойыншықтар тұр. Әскери жүк көліктері, броньды машиналар, тікұшақтар мен ұшақтар. Барлық жапсырмаларда «Ресей Федерациясының Қарулы Күштері» деген жазу бар. Тіпті Ресей гвардиясының эмблемалары бар бірнеше полиция вагондарын да байқадық. Мұндай ойыншықтарды не үшін сатып жатқандарын сұрау үшін сатушының шақырдық. Екі сатушы түсіндірудің орнына»Бұл жай ойыншықтар және бұл жай ғана сіздің пікіріңіз» деген сарындағы ойын айта бастады. Полиция шақыруға мәжбүр болдық”, – дейді журналист Лұқпан Ахмедияров.
Жазбасына ол ойыншықтардың суретін қоса жариялаған. Полиция келгенге дейін оқиға орнына дүкеннің иелері келген.
“Келген полиция қызметкерлері мені тыңдап, дүкеннің сатушылары мен иелеріне бұл ойыншықтарды сөрелерден өз еркімен алып тастауды ұсынды. Дүкен қожайындары өздері де соғысқа, мұндай соғысты насихаттауға қарсы екендіктерін айтып, Z таңбалары бар мұндай ойыншықтар кездейсоқ тап болғанын айта бастады. Қысқасы, алдырып тастадық”, – дейді журналист.