BasNewsЖаңалықтар

Екібастұз жылу орталығының төбесі опырылып кетті

Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-ның Екібастұз жылу энерергетикалық орталығының төбесіндегі плитасы құлады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Плита жұмыс істеп тұрған қазандықтың үстіне құлаған. Оқиға кеше сағат кешкі бес шамасында болды.

«Темірбетон плитаның құлауынан ешкім жарақат алған жоқ. Плитаның құлау аймағындағы барлық жөндеу және пайдалану жұмыстары тоқтатылды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін, 11 маусымда жөнделетін №7 қазандық аумағында бүйір қоршау конструкцияларының 8 темірбетон плитасы құлаған болатын.

Бүгін қазандықтардың үстіндегі шатыр конструкцияларына зерттеу жүргізу жоспарланған, оның нәтижелері бойынша жұмыстарды қайта бастау туралы шешім қабылданады.

Back to top button