Жаңалықтар

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңға құқықтық кеңес алу үшін,  кепілдік берілген адамдар тегін заң көмегін ала алады

2023 жылдың 1 тоқсанында Шымкент қаласында  2 мыңнан астам дәлірек 2724 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді. Ал, 2022 жылдың 1 тоқсанында – 2 797, ал 2022 жылы 11 227азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді. 2022 жылғы 20 маусымда «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңға құқықтық кеңес беру түрінде тегін заң көмегіне кепілдік берілген адамдар тобының кеңейтілгені туралы атап өтті. Енді аз қамтылған және көп балалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, азаптау құрбандары, 1 және 2 санаттағы мүгедектер, зейнеткерлер тегін кеңес ала алады.

Адвокаттардан басқа, заң кеңесшілері де осындай көмек көрсете алады. Бұл әлдеқайда үлкен аудиторияға тегін көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Сандық технологиялар нотариустардың қызметтерін одан да ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді. Конституцияда жарияланған халықтың жер мен оның жер қойнауына, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне және басқа да табиғи ресурстарға меншік құқығы туралы норма да бекітіледі. Қағидатты іске асырудың жарқын мысалы-Ұлттық қор кірісінің бір бөлігін балалардың қажеттіліктеріне бағыттау. Сонымен қатар, нотариустардың қызметтерін одан да ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік беретін шаралар қабылданды.  Мысалы, қазір жылжымайтын мүлікпен мәміле жасау объектінің орналасқан жеріне байланысты емес. Бұдан бұрын, егер жылжымайтын мүлік басқа қалада болса, ол бойынша мәмілені осы қалада жұмыс істейтін нотариуста рәсімдеу және барлық қажетті құжаттарды ұсыну қажет болатын. Сандық технологиялар басқа қалаға бармай-ақ жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасауға мүмкіндік береді.

Айтып өтейік, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Конституциялық сот өз қызметін бастады. Мемлекет басшысының бастамасымен енді еліміздің барлық азаматтары Конституциялық сотқа жүгіне алады. Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институты, оның ішінде еліміздің барлық өңірлерінде оның өкілдіктерін құру жолымен айтарлықтай күшейтілді. Бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау институтын жоғары деңгейге көтереді. Сонымен қатар,  сайлау жүйесіндегі өзгерістерге тоқталар болсақ,  реформа азаматтарға өзін-өзі ұсыну арқылы бір мандатты округтер бойынша сайлауға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button