42 500 теңге. Министр төлемге қатысты «өзгерістерге» пікір білдірді

42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемге қатысты ештеңе өзгерген жоқ. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Facebook желісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Basnews.kz.
«Құрметті достар, осыдан бірнеше сағат бұрын 42 500 теңге әлеуметтік көмектің халықты алдап жатқаны және жұмысқа ресми орналаспаған қазақстандықтар төлем ала алмайды деген жазбалар пайда болды. Қолданушылардың бірі министрдің 2020 жылдың 3 сәуіріндегі бұйрығын талқылап жатыр. Яғни ол мен шығарған бұйрықты айтып отыр, маған түсіндіріп өтуге рұқсат беріңіздер.
Бірден айтайын, Арман мырза (жазба қалдырған автор) қателесіп отыр. 3 сәуірде шыққан бұйрықта бір ғана жаңалық бар – онда коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлері қосылған», – дейді Нұрымбетов.



