Жаңалықтар

Жедел жәрдем келгенше, құтқарушылар алғашқы көмек көрсетті

Жедел-құтқару жасақтың құтқарушыларына қала тұрғына алғыс білдірді.

Солардың ішінде, Солтүстік шағынауданындағы көпқабатты үйдің бір пәтерінде қарт әйел кісі есікті ашпай жатқаны туралы туыстарынан хабар түсті.

Құтқарушылар оқиға орнына барып, саты арқылы епкінші қабаттағы пәтердің терезесі арқылы кіріп, есікті ішінен ашып берді. Пәтер ішінде 68 жасар қарт әйел кісі төсектен құлап, тұра алмай жатқан екен. Жедел жәрдем келгенше, құтқарушылар әйелді көтеріп төсегіне жатқызды және алғашқы көмек көрсетті.

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «112» құтқару қызметіне халыққа көмек көрсету туралы хабарлама келіп түсті. Әл-Фараби ауданында Жангелдин көшесінің бойында тамырымен бірге ағаш құлады. Ағаш электр сымдарына құлап, өтіп бара жатқан адамдарға және жақын маңдағы көліктерге құлап кету қаупі болды.

Оқиға орнына ТЖ департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері барып, арнайы құралдардың көмегімен ағашты кесіп тастады. Тұрғындарға қауіп жойылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ, бүгін Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы, аудан әкімдігі, мамандандырылған жасақ, қалалық орта сапасын бақылау басқармасының қызметкерлері бірлесіп үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Газ техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері де осы іс-шараға қатысып, Қайтпас-2 шағын ауданының тұрғындары арасында қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Үйдегі газ тұтыну жүйесінің заңдылығын түсіндіріп, ВДГО қызметкерлерімен келісімшартқа тұру мәселесі талқыланды. Сонымен қатар Сырым батыр, Қаламбаев, Алтыбақан, Ибраимов, Молдабеков, Мырзабеков көшесінің тұрғындарына дауыс зорайтқыш құрылғысымен сақтық шаралары ескертілді. Тұрмыстық газ аса қауіптілікті білдіреді және газ плиталарды, баллондарды пайдалану ережесі мен өрт қауіпсіздігін бұлжытпай сақтауды талап етеді.

Айта кетейік, Шымкенттік құтқарушылар демалыс күндері оннан астам шығу жасап, халыққа көмек көрсетті. Осындай жұмыстардың бірі Шымкент қаласындағы 8 шағын ауданындағы Мамытова көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында атқарылды. Ойын алаңында кішкентай қыздың аяғы темір торға қысылып, шығара алмай жатқан туралы хабарлама 14 мамырда «112» құтқару қызметіне келіп түсті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button