Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау «Ашық есік күні» өткізілді.

Қабылдауды Департамент басшысының орынбасары Кенжеханова А.Ж., медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтердің бөлімдердің басшылары Әлиева Е.Ш., басшы м.а. Шаметова С.Ю. және Департаменттің бас мамандары жүргізді.

Азаматтарды қабылдау кезінде сұрақтарға толық көлемде жауаптар және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында түсініктемелер берілді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қайсын болмасын да қатты алаңдататыны айқын.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы — адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсіндіріледі..

Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button