BasNewsЖаңалықтар
Алматы облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Алматы облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан №203 жолаушылар автобусының жолдың шетіне шығып кеткенін көруге болады.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 26 маусым күні «Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолының 24-шақырымында болған.
«54 жастағы жүргізуші көліктің рөлін басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ», – делінген полиция хабарламасында.