BasNewsЖаңалықтар
Талдықорған әкімі қызметінен босатылды
Талдықорған әкімі Әсет Масабаев қала басшысы қызметінен кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Мамыр айының басында Әсет Масабаев инсультпен реанимацияға түсті. Бір ай бойы оңалту жұмыстары жүргізілді. Екі апта бұрын ол жұмысқа кірісті. Бірақ бүгін 30 маусымда оның отставкаға кеткені белгілі болды.
Талдықорған қаласының әкімі болғанға дейін Масабаев Алматыда Медеу ауданы әкімінің орынбасары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Алматы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, сондай-ақ Алматы қаласының энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
Талдықорғанның жаңа әкімі кім болатыны жақын арада белгілі болады.