BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қалай болады?

Синоптиктер 18-20 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, – Basnews.kz тілшісі.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік жартысына атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Онымен найзағай, бұршақ және екпінді жел жауады. Қатты жаңбыр 18-19 шілдеде батыста, солтүстік-батыста, 18-20 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-шығысында күтіледі.

«Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклон сілемінің ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. 18-19 шілде күндері түстен кейін республиканың оңтүстік-шығысында 40-42 градус қатты ыстық болады деп күтілуде», – делінген хабарламада.

Back to top button