Жаңалықтар

Еңбекші ауданы  2023-2024 жылдары жылу маусымына дайындық туралы

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданы аумағында атқарылып жатқан жұмыстар туралы апта сайын тікелей эфир арқылы баяндалуда. Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Д.К.Есілбек  баспасөз брифингіне арналған баяндамасында төмендегіні мәлімдеді.

-2022-2023 жылғы қысқы жылу маусымын қорытындылай кетсем, жылу маусымы кезінде көпқабатты тұрғын үйлерде апатты жағдайлар орын алған жоқ. Тек тік құбырлары ауыстырылмаған пәтер тұрғындарынан жеке дара өтінімдер түсті. Түскен өтінімдер бойынша «Қуатжылуорталық-3» мекемесінің жылу және реттеу инспекторлары мен сервистік компания өкілдерімен бірге зерделеніп, қанағаттандырылып отырылды.

2022-2023 жылғы қысқы жылу маусымында энергоүнемдеу бойынша атқарылған жұмыстар: 32-і есік пен 719,7 ш.м. терезе орнатылды. Ал, аудан аумағында жылу маусымында қатты отын пайдаланатын 1332 тұрғын үй тұрғындары арасында қатты отын (көмір) тапшылығының алдын-алу мақсатында, көмірді сатып-алу қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, уақытылы (4662тн) көмірмен қамтылды (100%).

2023-2024 жылғы жылу маусымына келер болсақ. Шымкент қаласында бесінші Тұран ауданының ашылуына орай,  Еңбекші ауданындағы жалпы саны 651 көпқабатты тұрғын үй 283 үйге қысқарды. Оның ішінде орталықтандырылған 533 үйден 175 көпқабатты тұрғын үй қалды.

2023-2024 жылғы қысқы жылу маусымына көпқабатты тұрғын үйлерді сапалы және уақытылы дайындау мақсатында аудандық жұмыс штабы құрылды. «Қуат жылу орталық-3» мекемесімен бірлесе тұрғын үйлерді қысқа дайындау іс-шарасы және тұрғындармен түсіндіру жұмысының кестесі бекітілді.

Сонымен қатар, Еңбекші ауданында 6 (57 үй) сервистік компаниялар қызмет көрсетуде. Олар:

«Теплокомсервис» ЖШС -ы (16 шағынауданы, тел: 8-702-655-05-82),

«Нұр-Арыстан» ЖШС -ы  (Түркістан көшесі №314, тел: 8-701-727-45-47),

ЖК «Шоманбаев» (Ш.Уалиханов көшесі №213А, тел: 8-705-483-85-54),

ЖК «Аскар» (Елшібек батыр көшесі №114, тел: 8-705-885-77-30),

«Kaz construction service-2020» ЖШС (Кожанов көшесі №1/10, тел: 8-708-478-60-38),

ЖК «МолИз» (Академгородок №61, тел: 8-701-728-56-98).

Басқа жаңалықтар

Back to top button