Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Кәріпбаев Нұртас Ғалымұлы сауда нарықтарында, базарларда және сауда үйлерінде кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттерін кешенді түсіндіру бойынша іс-шара өткізді.

Іс-шараға Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Мемлекеттік кірістер департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, ветеринариялық инспекция, сондай-ақ сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган өкілдері қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік органдар өкілдері өз бағыттары бойынша кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қолданыстағы заңнама талаптары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге арнайы жадынамалар таратылды.
Іс-шара барысында жекелеген кәсіпкерлерде тауарларға баға белгілерінің болмауы, сондай-ақ ет өнімдеріне ветеринариялық сертификаттардың болмауы сияқты бұзушылықтар анықталды. Аталған фактілер бойынша қазіргі кезеңде әкімшілік шаралар қолданылған жоқ, тек түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын сақтау қажеттілігі ескертілді.
Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы сәуір айынан бері тұрақты деңгейде сақталуда. Осы бағытта бағаға тұрақты мониторинг жүргізіліп, тұрақтандыру қоры арқылы тауарлық интервенциялар жүзеге асырылуда.
Аталған жұмыстар тұрақты бақылауда.



