Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Рахат-бадам»демалыс аймағында профилактикалық іс-шара өткізді

Балалардың қатысуымен болатын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында және «Балаларды жалғыз қалдырмаңыз!» акциясы аясында Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Рахат-Бадам»демалыс аймағында профилактикалық іс-шара өткізді.

Суда демалып жүрген ересектер мен жасөспірімдерге құтқарушылар су объектілерінде, көшеде және тұрмыста қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін еске салды. ТЖ қызметкерлерімен бірге демалыс аймағының қызметкерлері, ата-аналар мен балалар шұғыл қызметтердің шақыру нөмірлерін қайталады, судағы іс-қимыл алгоритмін еске түсірді, суға батқан жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібін нақтылады.

Қазір судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс тақырыбы ең өзекті болып табылады. Сондықтан балаларға демалу үшін тек арнайы жабдықталған жағажайларды таңдау керек екенін, судағы тыйым салынған белгілерден асып кетуге еместігі, тек ересектердің бақылауымен су қоймаларында жүзуге болатындығы туралы еске салынды.

Ал ата-аналарға балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеу туралы ескертіліп, «Дармен»мобильді қосымшасын орнату ұсынылды. Іс-шара соңында барлық демалушылар ТЖ департаментінен көрнекі-бейнелеу өнімін алды.

Бұдан бөлек, Еңбекші ауданының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Балаларды жалғыз қалдырмаңыз!» акциясы аясында бірлескен профилактикалық рейд өткізді.  Іс-шараға Жастар ресурстық орталығының еріктілері қатысып, аудан аумағында орналасқан «Холодильник» демалыс аймағындағы демалушылары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Сонымен бірге Жұлдыз мөлтек ауданының тұрғындарына шомылу маусымында су айдындарына түсу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтап, басты назарды жас балаларға аударуды ескертті.Көрнекі құралдарды табыстап, ата-аналарға, жасөспірімдерге судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Жазатайым оқиғалардың көпшілігі суға байланысты болып табылады. Олардың басым көпшілігі өзін-өзі ұстау мен қарапайым қауіпсіздік шараларын елемеуден туындайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button