BasNewsЖаңалықтар

Еліміздің үш облысында дауыл салдарынан 160-тан астам ғимарат зардап шекті

Төтенше жағдайлар комитетіндегілер кешелі бері соққан дауыл салдары жайлы айтты, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының 2 қаласы мен 22 ауданында екпіні секундына 30 метрге дейін жеткен қатты дауылдың салдарынан 160-тан астам ғимарат пен құрылыстың шатыры қирады. Сондай-ақ Ақмола және Қостанай облыстарының 9 ауданында электр желілері зақымданған. Зақымдалған нысандар мен материалдық шығындардың көлемі қазіргі таңда анықталып жатыр», – дейді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті жедел штабының өкілі Любовь Абланова.

Сонымен қатар ол Ақмола облысының Бурабай ауданында қатты дауылдан бір адам қаза болғанын еске салды.

«Бүгінгі күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 12 республикалық және Қостанай облысында 20 облыстық маңызы бар автожол жабылды. Ауа райының нашарлауына байланысты Төтенше жағдайлар комитеті мен өңірлердегі жедел штабтың жұмысы жалғасып жатыр», – дейді жедел штаб өкілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button