Шымкент

Шымкент полицейлері «Жолда қабылдау» акциясында жарты мыңнан астам сауалға жауап берді

Ішкі істер министрінің нұсқауымен республика көлемінде «Жолда қабылдау» акциясы өтті.

Мұндағы басты мақсат – қоғамдағы өзекті мәселелерді дер кезінде шешіп, халықпен тиімді кері байланыс орнатып, азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға және оларды мазалаған сауалдарға жедел әрі тиянақты жауап беруге бағытталған.

Аталған шараны мегаполис полицейлері қала тұрғындары мен қонақтары көп жиналатын «Арбат» демалыс аймағында өткізді. Акцияға 400-ден астам азамат қатысып, 511 ұсыныс-сауалдар жолданды.

Оның ішінде, әкімшілік құқық бұзушылықтар жөнінде- 151, жол жүрісін ұйымдастыру бойынша – 95, автокөлікті қайта жабдықтау туралы – 42, көші-қон заңнамасына қатысты- 42, көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру жөнінде – 12, ЖКО бойынша- 8 және т.б. өтініштер мен сұрақтар қойылды.

Жолда қабылдауға, Әкімшілік полиция, Жергілікті полиция және Көші-қон қызметі басшылары қатысып, тұрғындарды толғандырған мәселелерге жауап берді.

Шымкентке алғаш келген Өзбекстан азаматы туристік полицияның қызметіне жүгінді. Шырайлы шаһардың әсем жерлерін аралау мақсатында көршілес Өзбекстан Республикасынан Шымкентке бірінші рет келген 20 жасар жігіт мегаполис полицейлерінің көмегіне жүгінді.

Қаладағы тамақтану орындары мен әсем жерлер туралы тұрғандардан түрлі бағыт-бағдар алып, әбден шатасқан турист «Арбат» демалыс аймағындағы полиция бөлімшесіне келді. Онда, туристік полиция қызметкерлері қонаққа өзбек тілінде қызмет көрсетіп, мегаполистегі тамақтану орындары, сауда үйлері мен демалыс аймақтары туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, қала қонағына ақпараттық жадынамалар табыстап, кез-келген уақытта көмек беруге дайын екендіктерін жеткізді.

Өз кезегінде, саяхатшы жігіт қонақжай өлкенің ашық-жарқын тәртіп сақшыларына жылы лебіз бірдіріп, саяхатын жалғастыру үшін, А.Асқаров атындағы дендросаябаққа жол тартты.

Back to top button