BasNewsЖаңалықтар
ІІМ қызметкері коронавирус жұқтырған

ІІМ қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ІІМ басшысының орынбасары Юрий Ильин айтты, – деп хабарлайды Basbews.kz.
«Бізде коронавирус жұқтыру жағдайы болды. Бір қызметкерден коронавирус анықталды, ол қазір ем алып жатыр. Жағдайы тұрақты. Қызметін атқару барысында 530-дан аса адаммен байланыста болған», – деді ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Нұр-Сұлтанда өткен онлайн брифинтгте.
«Бүгінде шамамен 30-ға жуық адам стационарға жатқызылды. 80-ге жуық адам карантинде үй жағдайында. Көбі ауруханадан шығарылды, жұмысын жалғастырып жатыр», – деді Ильин.
Оның айтуынша, ІІМ қызметкерлері ішінде коронавирустан қайтыс болып, ауыр жағдайда жатқандар жоқ.



