BasNewsЖаңалықтар

Қырғызстанда дәрігерлер жаппай коронавирус жұқтырған аурухана жабылды

Қырғызстанның Жалал-Абад облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлер жаппай коронавирус жұқтырған соң жабылды, – деп хабарлайды  Basnews.kz  ақпарат порталы РИА Новости сілтеме жасап.

«Бұл аурухананың барлық қызметкері коронавирус жұқтырған, сондықтан біз мекемені жабуға мәжбүрміз. Науқастарды Ош қаласына жібереміз», – деді денсаулық сақтау министрі Сабыржан Әбдікәрімов.

Министрдің айтуынша, ауруханада дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, бүгінде Қырғызстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 270-ке жетті. Төрт адам қайтыс болған. Елде төтенше жағдай режимі енгізілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button