BasNewsЖаңалықтар

Коронавирус жұқтырған қызылордалық келіншек дені сау баланы дүниеге әкелді

Қызылорда қаласының коронавирусты жұқтырған тұрғыны дүниеге әкелген балаға жасалған тест нәтижелері оның ағзасында инфекцияның жоқ екенін көрсетті, деп хабарлайды BasNews.kz coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған әйел 9 сәуір күні босанды. Жаңа туған нәрестеде COVID-19 вирусының жоқ екені анықталды», – деді Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов.

Еске сала кетсек, кеше Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанып, дүниеге салмағы 2970,0 грамм, бойы 51 сантиметр сәби әкелген болатын.

Айта кетерлігі, Қызылорда облысында 104 адам коронавирусты жұқтырған, оның 4-еуі бүгін тіркелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button