Жаңалықтар

Шымкентте жұмысындағы сейфтен 7,5 миллион теңге ұрлаған жас жігіт сотталды

Шымкентте жұмысындағы сейфтен 7,5 миллион теңге ұрлаған жас жігіт сотталды. Абай АПБ-на 102 арнасы арқылы жеке кәсіпкер арызданды. Ол өз шағымында көлік жөндеу орталығындағы сейф ішінен 7 млн 500 мың теңгесі ұрланғанын жеткізді.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Қызметкерлер ғимарат маңындағы бейнекамераларды тексеріп, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол сол орталықта дөңгелек жөндеумен айналысатын жұмысшы болып шықты.

Оңтайлы сәтті пайдаланған жас жігіт түн ортасында көлік жөндеу орталығына терезе арқылы кіріп, сейфтен ақшаны алып, ізін суытқан. Аталған жайт Абай АПБ-да ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі 3- тармағы «Аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық» бойынша тіркелді. Полицейлер жан-жақты жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, 23 жастағы Түркістан облысының тумасы қала аумағында ұсталды.

Тергеу барысында ер адам сейф ішінде қомақты қаражат сақталатынын байқап, қылмысқа алдын ала дайындалғаны анықталды. Ал, ұрланған ақшаны жеке қажетіне жаратып жіберген. Тергеушілер оның кінәсін дәлелдейтін айғақтар мен жинақталған іс-құжаттарды сотқа жолдады. Сот шешімен айыпталушыға 5 жыл 6 ай мерзім бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, Шымкентте «Сергек қорғау – қауіпті жүргізуші» қосымшасының көмегімен 3000-ға жуық құқық бұзушылық анықталды. Жыл басынан бері Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері «Қорғау» қосымшасының көмегімен 2867 қауіпті жүргізушіні анықтады.

Оның ішінде 62-сі бұрын автокөлікті басқару құқығынан айырылған, 555-і мас күйде көлік жүргізген, тағы 31-і жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан. Мәселен, жақында ЖБО-ның бақылаушы инспекторлары мегаполис көшелерінің біріне мониторингжүргізу кезінде 2030 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылған тұлғаны ұстады. Бұл туралы олар патрульдік полиция полкінің экипаждарына хабарлады. Өз кезегінде құқық бұзушыға қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, көлікті айып тұраққа қамады.

Сондай-ақ, сот орындаушыларымен бірлесіп арнайы рейдтік іс-шараларды өткізу барысында 3 млрд теңгеден астам қарызы бар 2135 автокөлік жүргізушісі ұсталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button