Жаңалықтар

Шымкент полицейлері 120-дан астам әйелге құқықтық дәріс өткізді

Мегаполис сақшылары қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру және отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету мақсатында дағдарыс орталықтарындағы келіншектермен кездесу өткізді.

Аталған шараға 120-дан астам нәзік жанды қатысып, психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек алды.

5 күнге жалғасқан жиында «Бақытты жанұя-бақытты ел», «Ана-отбасының ұйытқысы», «Бақытты ана- бақытты отбасы», «Бәрі де, ана бір өзіңнен басталады», «Ана-өмір шуағы» атты семинар сабақтар мен тігінші аналардың ұйымдастыруымен қолөнер көрмесі өтті.

« Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетуге қауқарлы мықты жаратылыс. Сондықтан, көбінесе әйел адамдар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жатады. Бұған, күнделікті өмірде орын алып жатқан әртүрлі әлеуметтік проблемалар себеп. Аталған келеңсіздіктің алдын алу мақсатында биыл заңға бірқатар өзгерістер енгізіліп, жанұядағы тирандарға жаза күшейтілді. Бес тәулік ішінде біз нәзік жандыларды заңдағы жаңашылдықтармен таныстырып, оларға құқықтық дәрістер жүргіздік» – дейді, әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы лейтенант Жаңыл Спанова.

Бүгінгі таңда отбасы — тұр­мыстық қатынастар сала­сын­­дағы заңсыз әрекеттер тыйыл­­май келеді және ол бү­кіл қоғамдық өмірдің күнде­лік­ті қалыпты бейнесіне айналғандай.
Отбасындағы тұрмыстық зомбылықтар өзекті әлеуметтік мәселе болып табылады. Оны жасағаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (әрі қарай — ӘҚБтК), «Жеке бас­тың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушы­лықтар» туралы 10-тараудағы бірқатар баптарға сай реттеледі.
Атап айтқанда, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясын­дағы құқыққа қарсы әрекеттер ӘҚБтК-нің 73-бабында, ал кодекстің 73-1-бабында денсау­лыққа қасақана жеңіл зиян кел­тіру және 73-2-бабында ұрып соғу үшін жауаптылық көзделген.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңына (әрі қарай -Заң) сүйенсек, отбасы-тұрмыстық қатынастар бұл ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button