ЖаңалықтарШымкент

«Көзқарас» бағдарламасында аумағындағы өрт қауіпсіздік шаралары талқыланды

«Оңтүстік » телеарнасының «Көзқарас» бағдарламасында өзекті мәселелер талқыланды. Бас спикер болып Кадр саясаты басқармасының бастығы Нұрмухаммед Бостанбек, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Әлібек Ысқақов, Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев, ТЖ алдын алу бөлімінің аға инженері Дулат Түгелбаев сөз сөйледі.

Тікелей эфир арқылы қала аумағындағы өрт қауіпсіздік және жас балалардың терезеден қулау оқиғалары туралы айтылды. Сонымен бірге азаматтық қорғау органдарына орналасу тәртібі туралы да айтылды.

Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмайтындығы белгілі. Бұл бағытта жұмыстарды іске асыру үшін тұрғын үйлерде пәтер иелерінің кооперативтері құрылуы тиіс. Құрылған кооперативтері тұрғын үйдің және ауласын санитарлық нормаға және өрт қауіпсіздік ережелерін сақталуына алып келеді.

Өз кезегінде сақталған өрт қауіпсіздік талаптары тұрғын үйдегі адамдардың өмірі мен денсаулығына және материалдық шығынға алып келуден сақтайды.

Және бір өзекті мәселенің бірі ағымдағы жылдың
1 тамызында Алматы қаласында 16 қабатты тұрғын үйінде өрт орын алған болатын, осындай өрт Шымкент қаласында орын алған жағдайда өрт сөндірушілерге Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі «Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» № 429 бұйрығына сәйкес, бірінші кезекте биіктіктен секірген адам өмірін сақтау үшін пневматикалық құтқару батут, кернеулі құтқару кілемдері қажет.

Осы ретте көпқабатты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы еске салып өтсек:

  • жоғарғы қабаттарда өрт шыққан жағдайда дүрбелеңге түспей, сабырлы және ұйымшыл әрекет етіп, оттың жолын жабу үшін есіктерді мықтап жабу керек.
  • түтінге толған бөлмеде мүмкіндігінше еденге жақындап, тізелеп қозғалу керек-түтін аз болады. Түтіннің бағытын жоғалтпау үшін қабырғаларды жағалап қозғалу керек.
  • Көпқабатты тұрғын үйлерде химиялық заттарды, жарылғыш заттар мен материалдарды, синтетикалық кілем бұйымдарын, автомобиль бөлшектерін, шиналарды, автомобиль майларын сататын дүкендерді орналастыруға тыйым салынады.
Back to top button