ЖаңалықтарШымкент

Тұрғындарға жер сілкінісі, өрт оқиғасы кезіндегі алғашқы іс-әрекеттерін пысықтау жұмыстары жүргізілді

Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы аудан әкімдігімен бірлесе отырып сейсможаттығу өткізді. Іс-шара Ақжайық шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерде өткізілді.

Тұрғындарға жер сілкінісі, өрт оқиғасы кезіндегі алғашқы іс-әрекеттерін пысықтау жұмыстары жүргізілді.

Аталған оқу-жаттығуға Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, Жедел құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы, Жергілікті полиция қызметкерлері қатысты.

Ғимаратта қалып қойған жарақат алушылар арнайы мамандардың көмегімен құтқарылып, тұрғындар қауіпсіз аймаққа шығарылды.

«Tumar Apartments» тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Биік тұрғын үйлердегі өрттерді сөндіру кезінде Шымкент қаласы гарнизонының өртке қарсы бөлімшелері жеке құрамының практикалық дағдыларын пысықтау, осы объектілердегі өрттерді сөндіру кезінде бөлімшелерге басшылық жасау дағдыларын пысықтау, Шымкент қаласы ТЖД «Өрт сөндіру қызметі және АҚЖ» ММ бөлімшелерімен тұрғын үй кешені тұрғындарының өзара іс – қимылын пысықтау, қаланың тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру – өрт-тактикалық оқу-жаттығудың мақсаты еді.

Өрт-тактикалық жаттығулардың тактикалық ойына сәйкес, шартты өрт сегізінші қабаттағы №170 бөлмеде электр шайнегінің электр сымдарының қысқа тұйықталуына байланысты болды. Өрттің жоғары қабаттарға таралу қаупі болды.

«Tumar Apartments» тұрғын үй кешенінің тұрғындары өрт туралы «101» пультіне хабарлады. Диспетчерлік құрам шақыру орнына автоматты түрде шақырудың жоғары дәрежесі бойынша күштер мен құралдарды жіберді. Шартты шақыру орнына келгеннен кейін өрт сөндіру штабы және өртті сөндірудің екі учаскесі құрылды, электр қуатын өшіру жүргізілді, ол 220 В құрады. Өрттің таралу қаупі жойылды, шартты өртті сөндіруге арналған құралдар уақтылы берілді.

Back to top button