ЖаңалықтарШымкент

Жеке тұрғын секторлар мен сауда орындарында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Жеке тұрғын секторлар мен сауда орындарында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараны Абай ауданы ТЖ басқармасының мамандары ұйымдастырды.

Іс-шара барысында халыққа қарапайым ережелер түсіндіріліп, парақшалар тапсырылды.

Адам шығының алдын алу және материалдық құндылықтарды сақтап қалу мақсатында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырды.
Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында арнайы жадынамалар таратылып, адам көп шоғырланған орындарда «пропан газ баллондарын пайдалануға тиым салынады», «Базар аумағында ашық отты пайдалануға тиым салынады», «Электр жүйелерінің ережеге сәйкес жүргізіліуін қатаң бақылауда ұстау», «Алғашқы өрт сөндіру құралдарын қамтамасыз ету және оны қолдану ережелері» туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Басқарма қызметкері үгіт-насихат жүргізу барысында саудагерлер тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.

Айта кетейік, Шымкент қаласы аумағында 2023 жылдың 7 айында 109 өрт тіркелген (өткен жылмен салыстырғанда 7,9%-ға өскен (2022ж.– 101 өрт). Материалдық шығын 552 млн. 742 мың теңгені құрады,өткен жылдан 3 есе артқан (2022 ж. –153 млн.345 мың теңге). Құтқарылған материалдық құндылық 1 млрд. 363 млн. 430 мың. теңгені құраған.

Нәтижесінде өрттен 8 адам қайтыс болып, өткен жылмен салыстырғанда 8 есеге өскен (2022ж. – 1 адам, қаза болғандардың барлығы алкогольді масаң күйде болған). Биылғы жылы өрттен жарақат алғандар тіркелмеді, өткен жылмен салыстырғанда 100%-ға төмендеген (2022 жылы – 1).

Тіркелген өрттердің негізгі бөлігін 75% тұрғын үйлер
(50 өрт, жалпы өрт санынан 47%) мен автокөліктердегі (34 өрт, жалпы өрт санынан 28%) өрт оқиғалары құрап отыр.

Қалған 25 өрт немесе 27,25% өндіріс, сауда, қойма, әкімшілік объектілерде және ашық аумақтарда орын алып отыр.

Back to top button